Қазақ халқының ою-өрнекті жастықша тігуден шеберлік сағаты

Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол келер ұрпақ тәрбиесінде баланың ой санасына жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды-қияға жетелейтін киелі мұра.

2021 жылдың 12 ақпанында Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйінің қосымша білім оқытушысы «Модница» үйірмесінің жетекшісі  Дурмекова А. қазақ халқының ою- өрнекті жастықшасын тігуден білім алушыларға   шеберлік сағатын  өткізді.

Өткізу мақсаты: қазақ халқының өнерін дамытуды насихаттауымыздың мақсаты қолөнерді сақтап қалып, дәстүрімізді жалғастыру кешегі қажеттіліктен туындаған өнерді бүгінгі жастарды тәрбиелеуге пайдалану, өнерге баулып тәрбиелеу.

Шеберлік сағатында үйірмешілер қазақ халқының дәстүрін біле тұра, ары қарай білімдерін тереңдетіп, соңында өздерінің жасаған туындыларын бір-біріне паш етті.

IMG_20210208_155500_900x1200
IMG_20210211_151437_1600x1200
IMG_20210211_151458_1600x1200
IMG_20210211_151511_1600x1200
IMG_20210211_160838_900x1200
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar