8 наурыз Халықаралық әйелдер күні - бұл көктем мерекесі және де нәзік жандарға назар аудару. Бұл күні көшелер мен үйлерде көптеген гүлдерге толы болады, ал әйелдер күлімсіреп, жақсы көңіл-күймен жарқырайды.
«Абырой» интеллектуалды білім порталы балабақша, мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен ұстаздарын алда келе жатқан айтулы мерекемен құттықтай отырып, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ауқымды республикалық қашықтықтан өткізілетін байқауын ұйымдастырып өткізді.
Байқауға оқушылар, студенттер, мұғалімдер, тәрбиешілер, орта/жоғары оқу орындарының оқытушылары және оларға теңестірілгендер қатыса алды.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК-нан оқытушылары мен үйірмешілер ғана емес, мекеме директоры да қатысты.
Барлық қатысушылар түрлі номинацияларға қатысты
үйірмешілер үшін:
* Мәнерлеп оқу
* Өнерлі өрге жүзер (ән, би, қолөнер)
мұғалімдер үшін:
* Ұстаз өнері
Байқауға қатысу мақсаты шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, ғылыми жобалар арқылы таланттарды анықтау болып табылады.
Байқау қорытындысы бойынша «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша үйірмешілер келесі орындарға ие болды:
Мейрамбеков Нұрислам - Бас жүлде,
Берткен Арайлым ІІ дәрежелі диплом. «Ойын техникасы» студиясының жетекшісі Сагындыкова А. О.
«Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша келесі марапаттарға ие болды:
Базарбаева Арина І дәрежелі диплом,
Филиппова Кристина І дәрежелі диплом. «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Токенова А. Ж.
Құрманбек Ақбота І дәрежелі диплом. "Модница" үйірмесінің жетекшісі Дурмекова А. Ж.
«Ұстаз өнері» номинациясында мұғалімдер келесі мараптқа ие болды:
Мекеме директоры Никитаенко Екатерина Анатольевна – БАС ЖҮЛДЕ, қосымша білім оқытушылары:
Токенова Айгерим Жаныбековна – БАС ЖҮЛДЕ,
Дурмекова Айзада Жанабаевна - БАС ЖҮЛДЕ.
Барлығына қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!