«Әз- Наурыз!» викторинасы

Ағымдағы жылдың 17 наурызында ШҚО білім басқармасы Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің "Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі" КМҚК қосымша білім беру оқытушысы А.Сағындықова Наурыз мейрамына арналған "Әз-наурыз!" тақырыбында викторина өткізді.

Іс шараның мақсаты: оқушылардың Наурыз мерекесі туралы білімдерін кеңейту, қазақтың ұлттық ойындарымен, салт-дәстүрлерімен таныстыру; шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын дамыту; адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, халық дәстүрлерін құрметтеуге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал ету.

Викторина барысында балалар "Ақ сүйек", "Көкпар", "Тақия тастамақ", "тақияны көтер"сияқты қазақ ұлттының ойындарымен танысты. Балалар Отан туралы көптеген жаңа және қызықты мәлімет білді, олар қойылған сұрақтарға қуана жауап берді.

Викторина жоғары деңгейде өтті және оқушыларға зияткерлік және танымдық қабілеттерін көрсетуге және дамытуға, эрудициясын және жалпы білім беру көкжиегін кеңейтуге көмектесті.

IMG_20210318_165812
IMG20210317143802
IMG20210317144942
IMG20210318143347
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar