19 наурыз күні Шығармашылық үйінде қосымша білім беру оқытушысы, «Шебер қолдар», «Шығармашылық әлемі» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үйірме жетекшісі Токенова Айгерим үйірмешілерге Наурыз мейрамына орай қазақ халқының поролонды губкамен ою-өрнектерін гуашьпен салу бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сабағының мақсаты-үйірмешілерді Наурыз мейрамына дайындықтың ерекшеліктерімен таныстыру; қайшымен, губкамен, гуашьпен жұмыс арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту, ою-өрнекті ортасына қарай орнату, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу; бар білімдерін тәжірибеде қолдану.
Құрал-жабдықтар: мұғалімге-иллюстрациялар, үлгі, карточкалар, губка, гуашь; үйірмешілер үшін шаблондар, түрлі-түсті картон, түрлі-түсті қағаз, жұмыс жоспары, қайшы, қарындаш, гуашь, губка.
Шеберлік сағатының соңында үйірмешілер өздерінің авторлық жұмыстарының шағын көрмесін ұйымдастырып, естелік суретке түсті.