Ағымдағы жылдың 30 наурызында Курчатов қаласының Шығармашылық үйінде «Үстел ойындары күні» өтті. Балаларға интеллектуалды-танымдық ойындардар ұсынылды. Бұл логикалық ойлауды жақсартудың тамаша тәсілі. Ең бастысы, үстел ойындары – жаөспірімдердің қарым-қатынас жасау мүмкіндігінің тағы бір тәсілі.
Мақсаты: өскелең ұрпақ арасында үстел ойындарын насихаттау. Ойындар, кітаптар сияқты, ақыл-ойды дамытады және ойнау әрқашан қызықты екені белгілі.
Шығармашылық үйінің оқытушылары балаларға кез-келген талғам мен жасқа арналған үстел ойындарын ұсынды. Ойын барысында үйірмеге қатысушылар кез келген ойында ренжімеу, қарсыласқа құрметпен қарау маңызды екенін, көрсеттіп, үйретті.
Үстел ойындарының қатысушылары жаңа білім алып, қызықты және көңілді уақыт өткізіп, жақсы көңіл-күймен үйлеріне тарасты.