Ағымдағы жылдың 02 сәуірінде Шығармашылық үйінің педагогтары үйірмешілермен «Шығармашылық кафе» атты өз қолдарымен сүйікті тағамдарын дайындау тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Мақсаты: шығармашылық белсенділік пен өнердің әртүрлі түрлерін эстетикалық қабылдау үшін қолайлы атмосфера құру.
Шеберлік сағаты барысында дайындайтын келесі түрлері болды:
* жемістерді кесу және одан салат дайындау;
* өз талғамдарына және безендіруге сәйкес корждардан мини-торт дайындау;
*құймақ тортын шоколадпен безендіру;
* жеңіл және тойымды салат.
Шеберлік сағатынын барлық қатысушылары топтарға бөлінді. Тағам дайындау кезінде балалар дайындау рецепттерін басқа топтармен бөлісті.
Іс-шара соңында дайындаған тағамдарымен кішігірім отырыс жасап, естелік суретке түсті.