IІI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ДАРИҒА НАЗАРБАЕВАНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫ

Ағымдағы жылдың 02 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында Абай Құнанбаев атындағы мұражайында «Мейірімділік керуені» атты республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсы (бұдан әрі- Конкурс» халықтың азаматтық бастамаларын белсендіруге және қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық және гуманизм секілді адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Конкурстың қатысушылары өзінің белсенді азаматтық ұстанымымен, қайырымды істерімен және әрекеттерімен әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар бола алады.

Курчатов қаласынан белсенді еріктілердің бірі - Токенова Айгерим Жаныбековна "Мейірім жолында" атты номинациясына қатысты.

Мейірімділік, жақсылық, айналадағыларына қамқорлық жасау сияқты қасиеттерге ие бола отырып, Айгерим Токенова өскелең ұрпақ үшін үлгі болып отыр.

Номинация белгілі бір уақыт ішінде тұрақты ақысыз көмек көрсететін лауреатқа беріледі.

Байқау қорытындысы бойынша Айгерим Токенова Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаеваның алғыс хатымен марапатталды.

Байқау жеңімпазын құттықтаймыз және осымен тоқтамауды тілейміз!

20210402_113813
20210402_113819
20210402_113842
20210402_114746
20210402_115204
20210402_123536
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar