2021 жылы 26 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Алтын қазына» республикалық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының көрме-байқауы облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Көрме-байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
Көрме-байқауы келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;
2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);
3) шыныны көркемдеп өңдеу: витраж;
4) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;
5) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;
6) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;
7) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше.
ШҚО ББ Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК атынан үйірме қатысушылары «Шебер қолдар» - үйірме жетекшісі Токенова Айгерим, «Модница» - үйірме жетекшісі Дурмекова Айзада.
Ағымдағы жылдың 05 мамырында облыстық байқаудың қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар иеленді:
«Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясы бойынша
«Чайный домик» - Гаганина Наталья – ІІІ орын,
«Балерина» - Тусупова Медина – ІІІ орын,
«Анашыма!» - Базарбаева Арина – ІІІ орын,
«Әдемі құмыра» - Дүйсенғали Інжу – ІІІ орын.
«Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы» номинациясы бойынша
«Шаңырағым» - Азиз Ақерке – ІІ орын
«Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясы бойынша
«Қазақ қызы» - Айхын Айназ – ІІІ орын,
«Сәукеле – қазақи қобдиша» - Бағдатқызы Үкіләй – ІІІ орын
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!