Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай, өткізілген «Ұлы отан соғысы» туралы әңгімелер - болашақ ұрпаққа өмір сүру құқығын жеңіп алу үшін өз өмірі мен еңбегін қатерге тіккен адамдарға ризашылық пен құрмет білдіруге арналған іс-шара.
Ағымдағы жылдың 6 мамырда Курчатов қаласының Шығармашылық үйінің қосымша білім беру оқытушысы А.Сағындықова үйірмеге қатысушы оқушыларен Ұлы отан соғысы» туралы әңгімелер өткізді.
Іс шараның мақсаты: балаларды өзінің тарихи өткенін білетін, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Балалардың соғыс туралы, 9 мамыр мерекесі туралы, соғыс ескерткіштері туралы түсініктерін кеңейту. Қаза тапқан жауынгерлерді еске алу, сарбаздарға деген мақтаныш сезімін, құрмет сезімін қалыптастыру.
Әңгіме соңында балалар ұлы жеңіс туралы өлеңдер оқыды. Осындай іс-шаралардың арқасында Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерліктерін ешкім ешқашан ұмытпайды.