МЕНЮ

Облыстық «Эко-юрист» жас экологтар байқауы өтті

2024 жылдың 24 қыркүйек күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған 8-10 сынып оқушыларына арналған «Эко-юрист» жас экологтар байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өткізілді.

Байқаудың мақсаты - оқушылардың экология бойынша құқықтық сауаттылығын жетілдіру, табиғат байлықтарын заңдық, нормативтік тұрғыда қорғау талаптарын меңгеру қабілеттерін ашуға көмектесу.

Облыстық байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 46 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 8 сыныптар арасынан 8 оқушы, 9 сыныптар арасынан 8 оқушы, 10 сыныптар арасынан 7 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды.

Коммунальное государственное учреждение
«Региональный научно-практический центр
«Жамбыл дарыны» управления образования
акимата Жамбылской области
Разработка сайта
Semstar