МЕНЮ

9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VII республикалық интеллектуалдық конкурсы Өскемен қаласында өтті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №800/15-11-06 хаты негізінде конкурстың республикалық қорытынды кезеңі 2024 жылдың 27-29  қазан аралығында  Өскемен қаласында өтті. Республикалық кезеңге Жамбыл обылысынан 4 номинация бойынша 4 оқушы қатысты.

Конкурстың мақсаты туған жер тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау. 

2024 жылдың 27-29 қазан аралығында Өскемен қаласында өткен Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VII республикалық интеллектуалдық конкурсына облысымыздан 4 оқушы қатысты.

  • «Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының  10 сынып оқушысы Мырзатай Жанна  ІІ орынмен марапатталды.
  • «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» эссе жазу номинациясы бойынша Дарынды ер балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Қанат Нұрғанат жүлделі Іll орынды иеленді.
  • «Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Төленбек Арнұр, «Шағын Отанымның символы»  номинациясы бойынша Шу ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы  Наурызбай Мерей конкурсқа белсене қатысқандары үшін  арнайы РҒПО-ның сертификаттарын иеленді.
Коммунальное государственное учреждение
«Региональный научно-практический центр
«Жамбыл дарыны» управления образования
акимата Жамбылской области
Разработка сайта
Semstar