07-08 қараша, 2024
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
Оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпидаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау.
Олимпиада келесі пәндер бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізіледі:
Жаратылыстану-математикалық бағыт (математика, биология, физика, география, химия, информатика) және қоғамдық-гуманитарлық бағыт (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы)
Олимпиада 4 кезеңде, бір турда өткізіледі:
Олимпиаданы ұйымдастырушылар:
«Дарын» РҒПО олимпиаданың екінші, үшінші, төртінші кезеңдерінің тапсырмаларын әзірлейді және құрастырады.