МЕНЮ

Жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша Президенттік олимпидасының IV (Республикалық) кезеңі

19-22 қараша, 2024 жыл

Президенттік олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткізетін жыл сайынғы іс-шара болып табылады.

Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

  • орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
  • жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
  • тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:

  • бірінші (өңірлік) кезең – 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін;
  • екінші (іріктеу) кезең – 2 турда өткізіледі:
    1 тур (қашықтық) – 15 қарашаға дейін;
    2 тур (шығармашылық) – қашықтық турды өткізу күні;
  • үшінші (республикалық) кезең – 30 қарашаға дейін.

Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде мынадай төрт пән бойынша тапсырмаларды оқу тілінде орындайды: математика, физика, химия және биология.

Коммунальное государственное учреждение
«Региональный научно-практический центр
«Жамбыл дарыны» управления образования
акимата Жамбылской области
Разработка сайта
Semstar