МЕНЮ

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының IV (республикалық) кезеңі

26-30 қараша, 2024 жыл

Олимпиаданың мақсаты:

Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы.

Олимпиаданың міндеттері:

  • ауылдық мектеп оқушыларының теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету;
  • ауылдық білім беру ұйымдарындағы дарынды балаларды анықтау үшін жағдайлар жасау;
  • жеңімпздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО ұйымдастыратын оқу-жаттығу жиындарына қабылдау және одан әрі оқыту арқылы ауылдық жердегі мектептердің жоғары сынып оқушыларын республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға іріктеу және даярлау.

Олимпиада төрт кезеңде өткізіледі:

  • бірінші кезең (бастапқы) – қыркүйек айы;
  • екінші кезең (аудандық) – қазан айы;
  • үшінші кезең (облыстық) – қараша айы;
  • төртінші кезең (республикалық) – ағымдағы жылдың желтоқсан айы.

Олимпиада ұйымдастырушылары:

«Дарын» РҒПО олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ұйымдастырушылық және ақпараттық-технологиялық қамтамасыз етуді жүргізеді.

Коммунальное государственное учреждение
«Региональный научно-практический центр
«Жамбыл дарыны» управления образования
акимата Жамбылской области
Разработка сайта
Semstar