МЕНЮ

Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2024 жылғы 20-25 қараша аралығында жалпы білім беретін мектептер арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі – Олимпиада).

Олимпиада мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыруға және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында өткізіледі.

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 1-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады.

Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген оқушылар 2024 жылғы 4-18 қараша аралығында (сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін) www.games.daryn.kz сілтемесі бойынша жеке кабинетке кіріп, аккаунттың тіркелгенін және деректердің дұрыстығын (қатысушының аты-жөні, сыныбы, мектебі) тексеруі қажет. Егер аккаунт болмаса, сол мерзімде (4-18 қараша, сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін) www.games.daryn.kz сайтына тіркелу керек. Тіркелген соң, жеке кабинетке кіріп, көрсетілген уақыт аралығында «Қатысуды растау» батырмасын басу қажет.

Олимпиада ағымдағы жылдың 20 қарашасында сағат 09:00-де басталып, 25 қарашасында 20:00-де аяқталады. Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын өздеріне ыңғайлы болатын кез келген уақытта, жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында орындай алады.

Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалану қажет. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2024 жылдың 2 желтоқсанында https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттерінде көре алады. Қатысушыны дайындаған мұғалімдердің деректерін (ЖСН, толық аты-жөні) пән бойынша Олимпиаданың қорытындысы шыққаннан кейін марапатты жүктеу кезінде енгізу мүмкіндігі беріледі.

Коммунальное государственное учреждение
«Региональный научно-практический центр
«Жамбыл дарыны» управления образования
акимата Жамбылской области
Разработка сайта
Semstar