Ақпараттық сабақ «Тарихқа - тағзым!»

«Халқым, елім, жерім, Атамекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой. Аш – жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімізден қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз?

Дәл осындай зарлы үн XX ғасырдың басында қазақтың жерін жайлап еді. Қайран, қазақ елі... Бүгінгі ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер, мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны.

1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.

Осыған орай, 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып жарияланды.

Біздің тарихымыздағы осындай қиын кезең туралы өскелең ұрпақ, сондай-ақ қазақ ақындары мен жазушылары, түрлі сала қайраткерлері жайында білуі керек деген мақсатпен Абай облысы білім басқармасының Курчатов қалалық білім бөлімінің "Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінде" педагог Кумарханова Айнұр балалармен "Тарихқа - тағзым"атты ақпараттық сабақ өткізді.

1
2
3
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar