Ағымдағы жылдың мамыр айында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қалалық Білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық» үйіндегі әдеби үйірменің педагогі Айнур Кумарханованың қолға алуымен Өзбекстан мемлекетінде шығатын «SMILE» балалар журналында үйірмеге қатысушы: Серіков Зейін мен Тұрсынбек Нұрғалымның өзбек тілінде шығармалары жарыққа шықты. Журнал атынан балаларға арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді. Үйірмешілерге толағай табыс пен жетістіктер тілейміз!