«Жаз уақыты - бұл шағын әлем»

Шығармашылық үйінде балалар мен жасөспірімдердің  жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жаз уақыты -бұл шағын әлем» атты жоба әзірленді. Қазіргі заманның басты мәселесі - құқық бұзушылық, балалар мен жасөспірімдердің жарақаттануы және қадағалаусыз қалған балалар.  

Шығармашылық үйінің тәрбие жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында демалыс кезеңінде бүлдіршіндерді  жеке тұлғаны ретінде  дамыту үшін жағдайлар жасалады.

Жобаны іске асыру барысында  қосымша білім берудің үздіксіздігін, лагерьлерді, жазғы сауықтыру алаңдарын, өлкетану, экологиялық экспедициялар, жорықтар, шығармашылық шеберханалар, үйірмелер, студиялар, челенждер, акциялар өткізу  арқылы балалардың жазғы демалысын  қызық өткізуді  қамтамасыз етеді.

Балаларды сауықтыру табиғатта спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу арқылы, таза ауада күннің көзіне қыздырылу, Ертіс өзенінде шомылу арқылы өтуеді.

Біздің жобамыз «жұмыс жүргізу арқылы - оқыту» деп жариялайтын прагматикалық педагогика тұжырымдамасына негізделген, оған сәйкес бұл жұмыстың шынайы орталығы мұғалімдер мен балалардың бірлескен қызметі деп болжамдалады.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту мақстанда Шығармашылық үйінде шығармашылық шеберханлар ұйымдастырылады, оны біз үшін табиғаттың өзі ойлап тапқан - бұл ашық аспан астындағы жазғы шеберханаларды өткізу, іс-шарада шығармашылыққа арналған қолда бар барлық материалдар қолынылады, тек айналаға  мұқият қарауды шыңдаймыз.

Біз балаларды табиғатпен таныстыруға көп көңіл бөлеміз. Балаларды табиғатты сүюге, оған қамқорлық жасауға, айналамыздағы нәзік сұлулықты көруге үйретеміз. Біз үшін «Жаз уақыты - бұл шағын әлем», қуанышты оқиғалар мен шығармашылық жаңалықтарға толы өмір.

Жазда балалармен өткізілетін барлық іс-шаралар міндеттеме сипатын жоғалтады және қызықты ойындарға айналады.

«Жағажай» саяжай лагерінде аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін «Үш кит» атты бағдарлама ұйымдастырылады. Күн сайын балалар «шығармашылық ғылымдардың бас штабынан» мөрленген хат алады, одан күннің тақырыбын, қысқаша мазмұны мен шығармашылық тапсырмасын біледі.

Жазғы демалыс - бұл демалыс уақыты, сондықтан бабалардың  бос уақытын дұрыс ұйымдастыру тәрбиеде үлкен рөл атқарады.

1
2
3
4
5
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar