Ағымдағы жылдың 10 тамызында Абай күні қарсаңында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласының білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» педагогтерінің ұйымдастырумен үйірмешілер арасында «Абай күніне арнау» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты Абай шығармаларын ұрпақ арасында кеңінен насихаттау, оның шығармаларының тереңдігіне үңіліп, жас буынға пайдалы жағын көрсете алу болды.
Байқауда үйірмешілер өз жеке арнау өлеңдерін оқыды, Абай шығармашылығынан да үзінділер оқыды. Мәнерлеп оқу сайысы балаларға қатты ұнады.