Ағымдағы жылдың 29 тамызында Ата-заң ұғымын түсіндіру мақсатында Абай ауданы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің педагогы А.Сағындықованың «Еліміздің дамуындағы берік фундамент» атты іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында балалар видеоролик қарады және өз елінің азаматтары ретіндегі құқықтары мен міндеттері талқыланды.
Мереке соңында балалар Конституциялық міндеттерден басқа, адам күн сайын отбасында, мектепте, жұмыста, қоғамдық орындарда басқа да міндеттерді орындайды деген пікірмен бірауыздан келісті.