«Кел, ойнайық балақай!» ойын бағдарламасы

«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, бала үшін ойынның сондай маңызы бар, сондықтан да келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.»
(А. С. Макаренко)

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы   білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің» оқытушысы  А.Сағындыкова №1 мектепте «Кел, ойнайық балақай!» атты ойын бағдарламасын өткізді.

«Бала ойынмен өседі» - демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол – сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сондай-ақ тез арада ойлау қабілеттерін дамытады.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar