«Достық» эстафетасы

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде №4 орта мектепте Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің» оқытушысы  А.Сагындыкова бүлдіршіндермен «Достық» эстафетасын өткізді.

Эстафета «Біз бір командамыз» ұранымен өтті. Оқушылар жылдамдық, ептілік, топ болып жұмыс жасай білуде сайысқа түсті. Спорттық ынта мен өз командасының жеңіске деген ұмтылысы балаларды баурап алғаны сонша, олар айналада не болып жатқанын байқамай қалды. Барлығы мәреге бірінші жету үшін барын салды.

Іс-шара көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер қалдырып, қызықты және көңілді өтті. Спорт алаңында өте көңілді  болды.

1
2
3
4
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar