Абай облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 21 қыркүйектегі №27-1-1-27/5890-4 хаты бойынша «Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ-мен бірлесіп ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) және дербес деректерді қорғау сұрақтары бойынша бейнероликтер әзірледі.
Үздіксіз цифрлық трансформацияны ескере отырып, киберқауіпсіздік және ақпараттық гигиена мәселелері туралы хабардар болу әрбір азамат үшін маңызды болып табылғандықтан ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған бейнелер ұсынады.