Ағымдағы жылдың 03 қазанында Абай ауданы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйі» КМҚК қосымша білім оқытушысы А.Сағындыкова, үлкен үзіліс кезіндегі оқушылардың үзіліс уақытын тиімді өткізу мақсатында қаланың №1 мектептерінде «Пайдалы үзіліс-нейроойындары» атты ойын бағдарламасын өткізді. Оқытушы балаларға «жоқ және ия» және «түстерді табамыз » ойындарын ойнап, балаларды зейінін дамытатын әр-түрлі ойындармен таныстырды.
Зейін ойындары уақытты қызықты өткізу ғана емес, сонымен қатар есте сақтау, сөйлеу және ойлауды дамытудың тиімді құралы болып табылады. Оқушыларға бізбен бірге ойнау арқылы – ойларыңды жетілдіре беріңдер дегіміз келеді.