Ағымдағы жылдың 5 қазанында «PRIMUS» Дарындылықты дамытудың халықаралық орталығы сәндік-қолданбалы өнер – «Күзгі пейзаж» көркем шығармашылық түрлері халықаралық сурет байқауының қорытындысын жариялады, Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» үйірме мүшесі Дулатұлы Бауыржан 1-інші жүлделі орынға ие болды.
Үйірме жетекшісі Сагындыкова Анар Отанғазина халықаралық байқаудың жеңімпазын дайындағаны үшін арнайы дипломмен марапатталды.
Жеңімпазымызға мұнымен тоқтап қалмай, әрқашан алға ұмтылуын, кез келген биіктерді бағындыруын тілейміз.