«Менің сүйікті ұстазым» квесті

​Ағымдағы жылдың 6 қазанында Абай ауданы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйі» КМҚК қосымша білім оқытушысы А.Сағындыкованың ұйымдастыруымен №1 орта мектебінде жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Менің сүйікті ұстазым» атты квест өтті.

​Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды ұстазға, ұстаз еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Балалар құттықтаулар жазылған ашық хаттар жасап, оларды ұстаздарына сыйға тартты, еңбектері мен қамқорлықтарына шексіз алғыстарын білдірді.

Мереке сәтті өтті, барлығы риза болды, әсіресе, шәкірттерінің жағымды тосын сыйына риза болған ұстаздар қауымының есінде іс-шарамыз көпке дейін жүретіні сөзсіз.

1
2
3
4
5
6
7
8
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar