Тіл-тұмарым!

Қазанның 13 күні Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің № 1 Жалпы білім беретін орта мектебі оқушылар арасында «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының жоспарына сәйке «Тіл-тұмарым!» атты айтыс ұйымдастырды.

Айтысқа Лира әдеби үйірмесінің жетекшісі Айнур Кумарханова  Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің» үйірмешілері Серіков Зейін мен Мұратхан Айымды дайындады.

Нәтижесінде Мұратхан Айым іс-шараға белсене қатысып өз өнерін көрсеткені үшін арнайы дипломмен марапатталды. Серіков Зейін белсене қатысып өз өнерін көрсеткені үшін 1 ші орынды иеленді. Жас ақындарымызды марапаттарымен құттықтап, келешекте де талай биіктерден көрінулеріне тілектеспіз!

1
2
3
4
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar