Оқушылардың ұйымшылдығын арттыру, ой-өрісін кеңейту және табиғат сұлулығын сезіне білуге үйрету сонымен қатар, оны аялай білуге тәрбиелеу мақсатына Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің оқытушысы Айнұр Құмарханова тәрбиеленушілермен бірге күзгі табиғат аясына серуенге шықты. Күн өте жылы және шуақты болды, ауа-райы тамаша. Оқытушы серуен алдында балалармен табиғаттағы мінез-құлық ережелерін бекітті, табиғат, оның тұрғындары, қоршаған ортаны қорғау қажет екендігі туралы әңгімелер айты. Балалар табиғат туралы жұмбақтарды үлкен қызығушылықпен шешті.
Балалар бәріне белсенді қатысты. Біз ұмытылмас әсер алдық, демалып, бір-бірімізбен сөйлесіп, суретке түстік. Міне, біз шағын серуен жасадық.