Ағымдағы жылдың 01 қарашасында күзгі демалысты тиімді ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК оқытушысы Нұрлан Бағлан тәрбиеленушілермен «Менің Қазақстаным - менің Отаным» атты интеллектуалды ойын-викторинасын өткізді.
Викторина барысында балаларға мемлекеттік рәміздерді білу, туған жердің тарихын білу бойынша сұрақтар қойылды. Балалар Қазақстан бойынша саяхатын өзінің сүйікті Отанына тілектерін жазумен аяқтады.
Интеллектуалды ойын оқушылардың ел тарихына деген танымдық қызығушылығын арттырып, туған жер туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етті.