Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Нағыз батыр қасыңда!» атты ерлік сабағы

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» педагогы Айнұр Құмарханова үйірмешілермен ерлік сабағын өткізді. Үйірмешілер Ауған соғысының тарихымен танысты, ешкімге жария етілмеген Ауған соғысының басталу себептері мен оның ұзақтығы жайында, Кеңес әскерлерінің орны толмас шығындары мен туған үйінің табалдырығынан ешқашан аттауға мүмкіндіктерінің жоқтығы жайында сөз ете келіп, жерлестеріміз туралы үйірмешілерге бір аз ақпарат берді.

 Сабақ барысында біздің сарбаздарымыз бен офицерлеріміздің ең жоғары рухты, жанқиярлық ерліктері мен Отан алдындағы жауынгерлік борышын адал орындай отырып, сан мыңдаған жанкештілік әрекеттерге де барғандары жайында айтылды.

Сабақ барысында балалар патриоттық өлеңдер оқыды, сондай-ақ деректі бейнематериалды фильмдер тамашалады.

1
-1
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar