Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК оқытушысы Нұрлан Бағлан тәрбиеленушілермен «Табиғатпен дос бол!» атты экологиялық сабақ өткізді.
Экологиялық сабақтың мақсаты: қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу, оқушылардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру, қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту, экологиялық білімді насихаттау. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты – балалардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру.