Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Абай облысы Курчатов қаласының білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» педагогтары үйірмешілермен Курчатов қаласының өрт сөндіру бөліміне барды.
Өрт сөндіру бөлімінде азаматтық қорғау аға лейтенанты Абылай Нұрбек Нұрланұлы экскурсия өткізді. Балаларды ғимарат бойымен бастап отырып ол демалыс бөлмесін, қарауыл үй-жайын, кезекші-диспетчерлік қызмет орнымен таныстырды, ол жерге қаламыздың барлық аудандарынан дабыл қоңыраулары түседі. Балалар өрт сөндіру машиналарын, апаттық – құтқару жабдықтарын үлкен ынтамен және таңданыспен бақылады. Балалар өрт сөндіру бөліміне экскурсиядан үлкен жағымды әсерлер алды. Олар сиренаның дыбысын естіп, өрт сөндірушінің дулығасын киіп көрді, өрт сөндіру машиналарының кабиналарында отырды.
Алғыс ретінде балалар қаланың өрт сөндіру бөліміне шығармашылық үйінің мұғалімдерімен «Феникс» авторлық картинасын сыйға тартты. Балалардың шынайы қуанышы мен қызығушылығы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне күлкі сыйлады. Кездесу достық атмосферада өтті, өрт сөндірушілердің жұмыс күндеріне бір аз болсын серпін сыйлағандай болды, өйткені олардың күнделікті қызметі мұндай нотада жас ұрпақпен қарым-қатынаста өте бермейтін.
Үйірмешілер сонымен қатар күнделікті өртті сөндірумен және адамдарды құтқарумен айналысатындармен әңгімелесуден көптеген пайдалы ақпарат алды. Уақыт өте келе өрт қауіпсіздігі туралы бұл білгендері балалардың жадынан жойылуы мүмкін, бірақ өрт сөндірушілерге деген сенім мен 101 телефоны мәңгі есте қалады.