Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» қосымша білім оқытушылары «Қыста құстарға жем береміз» экологиялық акциясын өткізді.
Мақсаты: қоршаған ортаға деген қызығушылықты, құстарға деген қамқорлық қарым-қатынастарын дамыту, қыста аш, тоңатын құстарға деген аяушылық сезімдерін ояту, оларға қамқорлық жасауға үйрету.
Бұл әрекеттің бала өмірінде және оның тұлға болып қалыптасуында маңызы зор. Балаларды құстарға қамқорлық жасау бойынша бірлескен іс-шараларға тарту арқылы ересектер олардың бойында сезімталдықты дамытады.