Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінде» педагог Айнұр Құмарханова үйірмешілерге «Білім көзі-кітапқа» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: қазіргі ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға деген ынтасын қалыптастыру, балаларды әртүрлі авторлардың шығармаларымен таныстыру болды.