Ағымдағы жылдың 5 наурызында Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласының білім бөлімі «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» «Лира» әдеби үйірмесінің жетекшісі, педагог Кумарханова Айнұр үйірмешілермен «Ұлт мақтанышы!» атты ойын викторинасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты қазақ ақыны - прозашы, публицист және драматург Бейімбет Майлиннің өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру, осы кезеңдегі әдебиетке деген қызығушылықты ояту болды.