«Шәкәрім өсиет - адалдық айнасы»

Ағымдағы жылдың 15 наурызында қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Шәкәрім өсиет - адалдық айнасы» атты Шәкәрім Құдайберді ұлының 165 жылдығына орай өткізілген мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Байқау ақындық өнер және ақын шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша өткізілді. Ақындық өнер номинациясында Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің үйірмешісі Тұрсынбек Нұрғалым бас жүлдені иеленді. Осы номинация бойынша Дәлелханқызы Аяулым екінші орынға Мұратхан Айым үшінші орынға ие болды.

Ақынның шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша 6-12 жас аралығындағы оқушылар арасында үшінші орынға Дәлелханқызы Ақнұр, Әділетқызы Шырайлым ие болды. Қалған қатысушылар арнайы граммоталармен марапатталды.

1
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar