Ағымдағы жылдың 26 наурызында көктемгі демалыс кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласының білім бөлімі «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» педагогтары, спорттық эстафета өткізді.
Спорт мерекесі балалардың басын қосып, ешкімді бей-жай қалдырмады. Спорттық эстафетаға қатысқан балалар өздерін нағыз команда ретінде сезінді! Жарыс спорт пен денсаулық мерекесіне айналды.
Жарыс барысында оқушылар өз күштерін өлшеп, көңілді эстафеталарда тапқырлық пен ептілік танытты. Эстафета нәтижесінде достық жеңді.