«Туған өлкеге Құрмет!»

2024 жылдың 28 наурызында оқушыларды белсенді зияткерлік демалысқа тарту, оларда патриотизм мен азаматтыққа, туған өлкеге, оның табиғатына, тұрғындары мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласының білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» педагогтары балалармен «Туған өлкеге Құрмет!» атты квест-ойынын өткізді.

Квест-бұл оқу және ойын-сауық бағдарламаларының  жаңаша қалыптасқан түрі, оның көмегімен балалар өтіп жатқан жағдайларға толығымен мән беріп, сол арқылы жағымды эмоциялар алады. Тірі квест әр қатысушыға өз білімін, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар балалар арасындағы қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді, бұл әр қатысушыны ынталандырады және ойыншыларды біріктірудің жақсы амалы болып табылады

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Курчатов
#АПҚО_Абай_облысы_Курчатов

1
2
3
4
5
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar