Ағымдағы жылдың 29 наурызда Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласының білім бөлімі «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» педагогтары «Асфальттағы нейроойындар» тақырыптық іс-шарасы өткізді.
Асфальттағы нейроойындар балалардың қозғалыс қасиеттері мен қабілеттерін, олардың қыймыл-қозғалыстарын дамытуға, дағдылар мен іскерліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл ойын баланың қозғалыс қажеттілігін қанағаттандырады, балалар ағзасының функционалдық мүмкіндіктерін арттырады, адамгершілік және жігерлік қасиеттерін, сондай-ақ дене жаттығуларымен айналысуға қызығушылықты тәрбиелейді. Қиял мен түс неғұрлым көп болса, ойындар соғұрлым қызықты болуы мүмкін.
Ойын барысында балалар тапсырманы орындауға баса назар аудара отырып, белсенді қатысты. Балалар бағыттарды ескере отырып, соған қарай жылжыды.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Курчатов
#АПҚО_Абай_облысы_Курчатов