21 ғасырда балалар қалалардың ғана емес, ауылдардың да аулаларынан көрінбейтін болды - қазір олар компьютерлік ойындар мен ұялы телефон ойнайды. Көбінесе компьютер балалардың бос уақытын ғана емес, сонымен бірге бірі-бірімен қарым-қатынасты да алмастырады.
Балалар кәзір достаса алмайды немесе қарым-қатынас жасай алмайды. Біз балаларға аула ойындары туралы айтып қана қоймай, оларды ойнауға, өздері жүргізуге үйретуді жөн көрдік.
Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласының білім бөлімі «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінің оқытушысы, Анар Сағындықова «Өткен ғасыр ойындарын» өткізді.
Себебі, балалардың әлеуметтенуі ойын әрекеті арқылы жүзеге асады. Бұл өте маңызды. Балалар «Картоп», «Сақина-сақина», «Бояулар», «Сиқыршы» сияқты ойындармен танысып, скакалкамен секіруді үйренді және бұрыннан таныс болмаған жаңа ойындарды меңгеруге уәде берді.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Курчатов
#АПҚО_Абай_облысы_Курчатов