2024 жылдың 29 мамырында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК, оқытушысы Нұрлан Бағлан үйірме мүшелерімен бірлесіп «Рәміздер - рухымыз, ар ожданымыз» атты ақпараттық сабақ өткізді.
Бұл күн біздің мемлекеттілігіміз бен ұлттық бірегейлігіміздің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін бекіту күні.
Бұл іс-шараның Мақсаты: үйірмешілердің Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін тереңдету, Мемлекеттік рәміздер саласында танымдық қызығушылықтарын дамыту, ой-өрісін кеңейту, мақтаныш пен патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.