Ағымдағы жылдың 29 мамырында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» педагогтары үйірмешілермен бірге Курчатов қаласының Достық үйіне барды.
Іс-шараның мақсаты: балалардың бойына Қазақстандық патриотизм сезімін, өз еліне деген мақтаныш арқылы белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, ортақ Отанымызды мекендейтін түрлі этностарға құрмет көрсетуге, қоғамда достық қарым-қатынас пен келісімді сақтауға тәрбиелеу .