Өрт сөндіру бөліміне саяхат

2024 жылдың 5 маусымында Абай облысы Курчатов қаласының білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» педагогтары үйірмеге қатысушы балалармен балалардың өліміне әкелетін өрттердің профилактикалық алдын алу әңгімелерін жүргізу мақсатында, Курчатов қаласының өрт сөндіру бөліміне барды.

Өрт сөндіру бөлімінде азаматтық қорғау аға лейтенант Қайноллаев Жандос Болатұлы экскурсия өткізді. Балаларды ғимарат бойымен бастап отырып ол демалыс бөлмесін, қарауыл үй-жайын, кезекші-диспетчерлік қызмет орнымен таныстырды, ол жерге қаламыздың барлық аудандарынан дабыл қоңыраулары түседі. Балалар өрт сөндіру машиналарын, апаттық - құтқару жабдықтарын үлкен ынтамен және таңданыспен бақылады. Балалар өрт сөндіру бөліміне экскурсиядан үлкен жағымды әсерлер алды.

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Курчатов
#АПҚО_Абай_облысы_Курчатов

1
2
3
4
5
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar