2024 жылдың 6 маусымында оқушылардың жазғы демалыста бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің педагогтары №1 орта мектептің мектепалды лагеріне барып, «Біз солға барамыз» атты жылдамдықты арттыруға арналған би-ойынын өткізді.
Балалардың музыка ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау қабілетін дамыту маңызды.
Бұл би-ойындары музыканы қабылдауда эмоционалдылық пен бейнелеуді, ырғақ сезімін, есте сақтауды, реакция жылдамдығын, кеңістікті бағдарлауды дамытуға көмектеседі, тәуелсіздік пен төзімділікке тәрбиелейді.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Курчатов
#АПҚО_Абай_облысы_Курчатов