«Табиғатқа көзқарас» сюжеттік аппликациясы

2024 жылдың 10  маусымында Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің оқытушысы А.Құмарханова үйірмеге қатысушы балалармен «Табиғатқа көзқарас» сюжеттік аппликациясын жасады.

Экосабақтың мақсаты: үйірме мүшелеріне бөлшектерден сурет құрастыруға, ағаштың пішінін және оның шамамен өлшемін дұрыс бейнелеуге үйрету, дөңгелек пішіндерді қию дағдыларын дамыту, мұқият жапсыру қабілеттерін бекіту. Композицияны таңдап, оны қағаз парағына әдемі етіп орналастыру. Балалар қуана жұмысқа кірісті. Бұл сабақ балалардың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға жақсы әсер етеді.

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Курчатов
#АПҚО_Абай_облысы_Курчатов

1
2
3
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar