«Жасыл планета – БІЗ!» жазғы қала сыртындағы лагерь тәулік бойымен.
Түрлі іс-шаралар өткізілді: спорттық жарыстар, «Таныс болайық!» атты іс-шара, «Қазына іздеу» квесті, отрядтар ән байқауы, плакаттар байқауы, «Қалалар» викторинасы және т.б. Жарыстардың, ойындар мен эстафеталардың қорытындысы күн сайын шығарылды.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында балалармен медицина қызметкері шұғыл медициналық көмек көрсету жайында, су ішу режимі, күн сәулесінің астынла ұзақ болғандағы жағдайда, сонымен қоса ТЖ қызметкерімен де әңгімелесулер жүргізілді. Күн сайын ашық ауада өтетін ойындар мен жарыстар алдында қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулықтар берілді
«Берег» қала сыртындағы лагерінің маусымы балаларға көп позитив пен жағымды эмоциялар қалдырды. «Жалғыздың шаңы шықпас» атты квесте, периметр бойынша кедергілерден ынтымақтаса отырып өте білді. «Түрлі-түсті шарлар» және «Әуе шарлары шоуы» атты балаларға арналған шара, ойын бағдарламасы ешкімді де бей-жай қалдыра алмады. Балалардың қуанышында шек болмады – олар би биледі, шарлармен түрлі ойындар ойнап, байқауларға қатысты. Түрлі түсті шарлар әрқашан балаларға ерекше қуаныш сыйлайды! Біздің мерекеміз үлкен қуанышпен және күшті эмоциялармен өтті деп білеміз. Лагерьде өткен күндер балаларға көптеген қуанышты сәттер әкелді және ұзақ уақыт есте қалады деп сенеміз!
#абайжаз2024