Әлем халықтарының ойындары

Қазақстан халықтарының тілдері күніне арнайы, ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Курчатов қаласының №2 орта мектебінің дайындық топтарындағы балалармен, Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің» қосымша білім оқытушысы А.Сағындқова «Әлем халықтарының ойындары» атты ойын бағдарламасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – көпұлтты мемлекеттің өнегелі азаматын тәрбиелеу, кез келген ұлт өкілдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту, тілге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, достық пен балалар арасындағы өзара түсіністікке тәрбиелеу.

Оқушылар әртүрлі, ортақ елімізде тұратын халықтардың ойындарымен танысты.

Осындай ойындар арқылы балалар достықты бағалауды және досты немесе серіктесті қалай құрметтеу керектігін түсінеді. Мұндай іс-шаралар көпұлтты ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады, ұлттық өзіндік сананы оятады, өзінің және өзге  халықтардың мәдениеті мен тарихына қызығушылықтарын оятады, үйірме мүшелерін тату ұжымға біріктіруге көмектеседі.

1e09f790-32bc-4215-bfed-257c0962685d
7e872aeb-7cbc-488a-8d91-0d63a8792d1b
98c14d8a-2fd8-437d-b6ab-e5468bf24dd9
c84bae76-a829-4387-ba7d-45efdf38021d
dce2e6bb-f262-41d1-9afc-a34f226940e5
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar