Күзгі демалысты қызықты және пайдалы өткізу мақсатында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің» оқытушысы А.Сағындықова №4 орта мектеп оқушыларымен «Алақай күзгі демалыс!!!» ойын бағдарламасын өткізді.
Балалар ойын ойнау арқылы ашылады. Мұнда баланың өзі жеке мүддесін қанағаттандырумен қатар, дос болуды, жанашырлық танытуды, көмекке баруды, жеңуді және ең маңызыдысы жеңілуді үйренеді.