Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Курчатов қаласындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің қосымша білім беру оқытушысы А.Сағындықова мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «күзгі қиялдар»атты шығармашылық шеберхана бүлдіршіндердің үйлеріне барып өткізді.
Іс шараның мақсаты: балалардың зстетикалық қабылдауды, сұлулық сезімін дамыту, ептілік, зейін, реакция жылдамдығы, тапқырлық, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қолдың ұсақ моторикасын, табандылық пен шыдамдылықты дамыту.
Балалардың қолмен жұмыс жасауы-бұл бос уақыт өткізудің тиімді түрі, әрі кішкентай бүлдіршіннің жан-жақты дамуына құрал.
Менің ойымша, мұндай іс -шаралар балалардың шығармашылық қабілетін ашуға, қиялдауды және өзіне еген сенімділікке , белгісіздіктен ішкі қорқынышын жеңуге, айналасындағы сұлулықты көруге үйренуге көмектеседі.