Ағымдағы жылдың 23 қазанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Курчатов қаласындағы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйі» қосымша білім беру оқытушысы А. Мусатаева үйірмеге қатысушы балалармен бірге «Қала келбеті - тазалықта» атты экологиялық акция өткізді. Акцияға - 15 бала қатысты.
Экологиялық науқанның мақсаты - адамдарды бар проблемалар туралы ойландыру: табиғи ресурстарды тиімді тұтыну, су мен топырақтың ластануы, табиғатты сақтау қажеттілігі, экологиялық мәдениетті, сана мен дүниетанымды қалыптастыру, танымдық қызығушылықты, қарым -қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Акция барысында «Неліктен ағаштар әктеледі және оны қалай дұрыс жасау керек екендігі туралы ақпаратт берілді. Балалар табиғатты құрметтеу ережелерімен таныстырылды, олар ағаштарды, кем дегенде жылына 3 рет, ерте көктемде, жазда және күзде әктеу керектігін білді.
Қазан айының тамаша бір күні осылай өтті. Құңірейген күз мезгілі де келіп жетті. !
Осындай іс шаралар жас ұрпаққа патриотизм мен туған жерді құрметтеу жауапкершілігінің маңызды екендігін түсіндіреді.